Атырау облыстық АИТВ  орталығы

ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫНА АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Досмұхамедов атындағы мектеп-лицей оқушылары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу және жастардың денсаулық мәселелері бойынша ақпараттандыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында мамандар оқушыларға АИТВ инфекциясы туралы маңызды ақпарат ұсынып, оның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және сақтану тәсілдері жөнінде түсіндірді.

Сонымен қатар жасөспірімдерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, салауатты өмір салтын ұстанудың және денсаулыққа қатысты ақпаратты сенімді дереккөздерден алудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу ашық форматта өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың АИТВ инфекциясы туралы білімін арттырып, алдын алу шараларына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

АИТВ туралы дұрыс әрі сенімді ақпарат білу – инфекцияның алдын алудың маңызды қадамы.

Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey