ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН АИТВ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
- admin_atsc
- 06.10.2026
- Видео, Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Политехникалық колледж студенттерімен АИТВ-инфекциясының алдын алу және инфекция туралы ақпараттандыруға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мамандар жастарға АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары және инфекциядан қорғанудың тиімді тәсілдері туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар АИТВ-ға қатысты қоғамда кездесетін қате түсініктерге тоқталып, инфекцияның күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұқпайтыны түсіндірілді. Студенттерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, қауіп факторларынан сақтанудың және қажет болған жағдайда уақтылы медициналық тексеруден өтудің маңызы айтылды.
Кездесу ашық форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
АИТВ туралы дұрыс ақпарат білу — инфекцияның алдын алудың маңызды қадамы.
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және АИТВ инфекциясының алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
comments powered by HyperComments










