Атырау облыстық АИТВ  орталығы

АТЫРАУ ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Атырау индустриалды колледжінде білім алушылар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, жастардың медициналық сауаттылығын арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мамандар білім алушыларға АИТВ инфекциясы туралы жан-жақты ақпарат беріп, оның негізгі таралу жолдарын, жұғу қаупі бар жағдайларды және инфекциядан қорғанудың тиімді шараларын түсіндірді.

Сонымен қатар АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен және қан арқылы берілу ерекшеліктері, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау, медициналық және косметологиялық қызметтерді алу кезінде стерильді құралдарды қолданудың маңыздылығы туралы айтылды.

Іс-шара барысында инфекцияны ерте анықтау мақсатында АИТВ-ға тестілеуден уақтылы өтудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Мамандар тестілеуден өту адамның өз денсаулығын бақылауына, инфекция анықталған жағдайда қажетті емді дер кезінде бастауына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ жастар арасында АИТВ инфекциясына қатысты қалыптасқан қате түсініктерді жою, ақпаратты дұрыс қабылдау, инфекциямен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілік пен стигманың алдын алу мәселелері де қозғалды.

Кездесу соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі түсінікті жауаптар алды.

Мұндай ақпараттық кездесулер жастардың денсаулық мәселелеріне қатысты білімін арттырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және АИТВ инфекциясының алдын алу мәдениетін дамытуға бағытталған.

Есіңізде болсын: АИТВ инфекциясының алдын алуда дұрыс ақпараттану, қауіпсіздік шараларын сақтау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау маңызды!

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey