Атырау облыстық АИТВ  орталығы

ЖАСТАР АРАСЫНДА АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, ақпараттандыру деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында мамандар жастарға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, жұғу қаупін арттыратын факторлар және одан қорғану шаралары туралы кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар инфекцияның жыныстық жолмен және қан арқылы берілу ерекшеліктері, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау, медициналық және косметологиялық қызметтер алу кезінде стерильді құралдарды қолданудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу барысында АИТВ инфекциясын ерте анықтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Мамандар уақтылы тестілеуден өту инфекцияны ерте кезеңде анықтауға, қажетті медициналық көмекті дер кезінде бастауға және оның әрі қарай таралуының алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ жастардың сұрақтарына жауап беріліп, АИТВ-ға қатысты кең таралған қате түсініктер мен стигманың алдын алу мәселелері түсіндірілді.

АИТВ инфекциясының алдын алу – әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауынан басталады. Дұрыс ақпараттану, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын сақтау және уақтылы тестілеуден өту – инфекцияның алдын алудың маңызды шаралары.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey