1 желтоқсан – ЖИТС-пен күрестің Бүкіләлемдік күніне БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
- admin_atsc
- 20.11.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Адамның иммун тапшылығы (АИТВ-ВИЧ) инфекциясы жахандық қоғамдық денсаулық саласындағы негізгі мәселелердің бірі болып қалуда. АИТВ-инфекциясы әлемнің барлық елдерінде тіркелген және ол адамның жасына, мамандығына қарамайды. АИТВ тұрмыстық жолмен берілмейді. Емделмесе АИТВ-инфекциясы ЖИТС (СПИД) сатысына әкеледі. Бұл инфекцияны ерте анықтау және арнайы емді тез бастау АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға ұзақ та салауатты өмір сүруге, індетті жыныстық жолмен таратпауға мүмкіндік береді.
Әлемде өтетін бұл атаулы күннің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл айқындаған ұраны: «ЖИТС-ті тоқтату қолжетімділіктен басталады». Бұл тақырып АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеудің тиімді құралдарын әрбір адамның ешқандай кедергісіз, кемсітушіліксіз пайдалануына нақты мүмкіндіктер берілуі қажет екенін атап көрсетеді. Қызметтердің қолжетімділігіне, адам құқықтарын қорғауға, стигма мен дискриминацияға жол бермеуге, қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге назар аударылады.
Халық арасындағы ағарту шараларының, арнайы еммен қамту көрсеткіштерінің нәтижелері көрсеткендей АИТВ-инфекциясының тіркелу деңгейі төмендегенмен әлі де инфекцияның кеш сатыларында анықталып жатырғандар, жұғу жолдарын білмейтіндер бар. Індет негізінен жастар арасында тіркелуде, себебі, 96% жағдайда инфекция жыныстық жолмен беріліп отыр.
Атырау облысында 2025 жылдың 10 айында 64 адам анықталса, биылғы жылы 10 айда 49 адам есепке алынды. Оның 73,5% ер адамдар құрайды. Тіркелгендер ішінде 20-49 жастағылардың үлесі – 88%.
Подработка оплата сразу Бодайбо
2026-11-20 15:28:43
Перед началом работы можно уточнить сроки и порядок расчёта.











