⚽ «ДОП ДОДАСЫ» – СПОРТТЫҚ ЖАРЫС!
- admin_atsc
- 20.11.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Атырау көлік және коммуникация колледжі мен Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен 1-курс студенттері арасында «Доп додасы» атты футбол жарысы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, командалық рухты қалыптастыру және денсаулықтың қадірін түсіндіру.
Тартысты әрі қызықты өткен жарыс нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологтары:
Серікбаева Әсем Қанатқызы;
Абылғазиева Аягөз Жеткеншекқызы қатысты.
Қонақтар студенттерге салауатты өмір салтын ұстанудың, денсаулықты күтудің, АИТВ инфекциясының алдын алудың және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы туралы ақпарат беріп, өз ойларымен бөлісті.
Жарыс жеңімпаздарына табысталған ақшалай сертификаттарды Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы демеушілік жасап, қолдау көрсетті. Осы орайда орталық ұжымына жастарды қолдап, спорттық іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!
Жарыс барысында студенттер өздерінің спорттық шеберліктерін, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерін көрсете білді.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жеңімпаздарға толағай табыс, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
Спорт – денсаулық кепілі, бірлік пен достықтың жаршысы! 












