Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Пациенттің қан тапсыруға дайындалуы бойынша нұсқаулық

  1. Қан тапсыруға дайындық зерттеу түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Қажет болған жағдайда әрбір талдау бойынша ақпаратты медицина қызметкерінен алуға болады.
  2. Пациентті дайындау медицина қызметкерінің зерттеуге дайындалу талаптары мен талдау тапсыру шарттары туралы кеңес беруінен басталады.
  3. Қан алу орталықта келесі уақытта жүргізіледі:
    • Дүйсенбі – бейсенбі: 08:45–13:00 және 14:00–16:00;
    • Жұма: 08:45–13:00 және 14:00–15:30.
  4. Талдау тапсырар алдындағы күні әдеттегі тамақтану тәртібін сақтауға болады. Алайда майлы және ащы тағамдарды, алкогольді сусындар мен кофені шектеу ұсынылады. Кешкі уақытта жеңіл кешкі ас ішуге болады.
  5. Қан тапсырар алдында төмендегілерден аулақ болу қажет:
    • ауыр дене жүктемесі;
    • эмоционалдық күйзеліс;
    • алкогольді ішімдіктерді тұтыну;
    • темекі шегу.
  6. Қан айналымын тұрақтандыру үшін қан алмас бұрын кемінде 15 минут тыныш отырып демалу ұсынылады.
  7. Өзіңізбен бірге мыналарды алып келу қажет:
    • дәрігердің жолдамасы (бар болған жағдайда);
    • жеке басын куәландыратын құжат.
  8. Қан тапсырғаннан кейін бас айналудың алдын алу үшін 10–15 минут тыныш отырып демалу ұсынылады. Процедурадан кейін бірден тамақтануға болады.
  9. Қан алу кезінде су ішуге, тамақ жеуге және сағыз шайнауға болмайды. Ауыз қуысы бос болуы тиіс.
  10. Талдауларды бір зертханада тапсырған жөн, бірақ бұл міндетті талап емес. Әртүрлі зертханаларда түрлі тест-жүйелер, жабдықтар және өлшем бірліктері қолданылуы мүмкін. Нәтижелерді дұрыс бағалау және оларды өзара салыстыру үшін зерттеулерді бір зертханада, бірдей уақытта және бірдей дайындық талаптарын сақтай отырып тапсырған дұрыс.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey