Сынамаларды тасымалдау жөніндегі нұсқаулық
1. Биоматериалды тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар
Биоматериалды тасымалдау қан алу жүргізілген медициналық ұйымдармен келесі талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
• биоматериал тапсырыс берушінің көлігімен жеткізіледі;
• биоматериалды зертханаға жауапты тұлға (курьер немесе медицина қызметкері) жеткізеді;
• курьердің (медицина қызметкерінің) өзімен бірге медициналық ұйымға тиесілігін растайтын құжаты болуы тиіс;
• биоматериал зертханаға қан алынған сәттен бастап 48 сағаттан кешіктірілмей жеткізілуі тиіс;
• биоматериал термоконтейнерде тасымалданады.
2. Термоконтейнердің жабдықталуы
Термоконтейнердің құрамында мыналар болуы тиіс:
• термометр (ТС-7-М1, өлшеу диапазоны +30 °C-тан −30 °C-қа дейін);
• термоконтейнердегі температураны +2 °C-тан +8 °C-қа дейінгі аралықта ұстап тұру үшін кемінде 2 салқындатқыш элемент (хладоэлемент);
• вакуумдық қан алу түтіктеріне (вакутейнерлерге) арналған пластикалық штатив;
• контейнердің түбіне орналастырылған сіңіргіш материал (дәке майлығы, мата немесе соған ұқсас материал).
Термоконтейнердің сыртқы бетінде «Биологиялық қауіпті» белгісі болуы тиіс.
3. Қан құйылған сынауықтарды тасымалдау тәртібі
Қан құйылған сынамалар:
• тек термоконтейнерде;
• пластикалық штативте;
• тік күйде тасымалдануы тиіс.
Тыйым салынады
Мынадай әрекеттерді орындауға қатаң тыйым салынады:
1. Биоматериал салынған штативпен бірге термоконтейнерге қағаз түріндегі жолдамаларды немесе басқа құжаттарды салуға.
2. Сынамаларды жолдамамен немесе басқа құжаттармен орауға.
3. Биоматериалды зертханаға пациенттің өзі немесе оны тасымалдауға уәкілетті емес басқа адамдардың жеткізуіне.
4. Биоматериалды термоконтейнерсіз, қолмен, сөмкеде, пакетте немесе биологиялық материалды тасымалдауға арналмаған басқа заттарда тасымалдауға.











