Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қ. колледж студенттерімен кездесу

2018 жылы 27 ақпанда Атырау аграрлы-техникалық колледж студенттерімен Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатаровамен кездесу өтті. Іс-шара барысында маман «АИТВ» және «ЖИТС» ұғымдарын анықтады, жастарға өздерінің болашағы үшін іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау қажеттілігі туралы түсіндірді. АИТВ жұқтырған адамдарға стигматизация мен кемсітушілікке жол бермеу туралы мәселе талқыланды. Бейнероликтер көрсетілді. Ақпараттық құралдар таратылды. Барлығы 82 студент қатысты.

Пара берсең, жазаланасың !

2018 жылдың 27 ақпанында  ЖИТС орталығында  ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Д.Лұқпанова  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қызметкерлермен кездесу өткізді. Ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеу үрдісін қалыптастыру мәселесіне баса назар аударылды. Қызметкерлер өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

ЖИТС орталығының орта буын қызметкерлері арасындағы семинар.

2018 жылдың 23 ақпанында облыстық  ЖИТС орталығының  дәрігері Ұ.Мұханғалиева  мекеменің орта буын қызметкерлеріне ҚР ДСМ 2017 жылдың 31 мамырындағы №357 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларымен таныстырды.  Орта буын медицина қызметкерлері  бұйрықпен толық танысып, жаңа енгізілген толықтыруларға назар аударды. Бұйрықтың орындалу жөніндегі сұрақтарға жауап берілді.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерімен танысу

ЖИТС орталығында 2018 жылдың 22 ақпан күні әдістемелік- ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А.Мұқанбетқалиева мекеме қызметкерлерін Атырау облысы әкімдігінің 2015 ж. 23 қазандағы №328 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен таныстырды. Қаулының барлық тарауларымен таныстырып, мемлекеттік қызмет регламентінің  №4 қосымшасына ерекше көңіл бөлінді «АИТВ- инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру»….

Атырау қ. студенттер арасындағы тренинг

2018 жылдың 22 ақпанда Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің жатақханасында студенттер арасында «АИТВ-инфекциясы және қоғам» тақырыбында тренинг өткізді. Аталмыш шара жастардың АИТВ инфекциясының алдын алу туралы хабардарлығын көтеру, АИТВ мен зақымданудың қауіпті дәрежесін анықтау дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Тренинг барысында жастарға адамның иммун тапшылық вирусы, берілу жолдары және алдын алу…

Атырау облысының стоматологтарына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы

21-22 ақпанда Атырау облыстық  ЖИТС орталығының  мәжіліс-залында  облыстық  балалар  стоматологиялық емханасының  ұйымдастыруымен,    медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Есембаеваның қатысуымен   стамотологтарға  арналған семинар өтті. Семинар тыңдаушыларына  ЖИТС орталығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А.Мұқанбетқалиева    АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, медицина ұйымдарында АИТВ-ның алдын алу шаралары, апаттық жағдайлар, қатынастан кейінгі профилактика  туралы  баяндады. Жеке кәсіпкерлер-стоматологтарға  ЖБИ/ДЭФ  сауалнамасы таныстырылды.

Медицина қызметкерлер арасындағы семинарлар

2018 жылдың  13 және 19  ақпанда  №1 қалалық емхана, облыстық онкология диспансерінде Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігер- эпидемиологтар Умарова Г.А., Ерғалиева Э.Ж. медицина қызметкерлері арасында «Тұрғындарды эпидемиологиялық және клиникалық көрсетілім бойынша тестілеу, постбайланысты профилактика, реципиенттер мен жүкті әйелдер арасында АИТВ жұқпасын алдын-алу бойынша жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізіп, сауалнама жүргізді. Семинарларда постбайланысты профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру…

Атырау қаласындағы бизнес құрылымындағы кездесу

15-20 ақпан  аралығында АҚ«Жылыоймунайгаз»,«РИП-ГАЗ», «Атырау мұнай», «Интертэк Интернэшинал Казахстан», «Каспиан  Девелопмент Кампани», «Capital Complex Catering» ЖШС-да «АИТВ инфекциясының бизнес жүргізуге ықпалы жоқ» атты тақырыбында кездесулер  өтті. Шарада ірі, орта бизнес құрылымының басшылары мен  жұмысшылары қатысып, оларға  ЖБҚ көтеру, АИТВ сұрақтары бойынша біліктілікті арттыру, басшыларға сауалнама жүргізу арқылы өтетіні ескертілді. Тренерлер АИТВ және ЖИТС-тің  эпидемиологиялық жағдайы,…

Атырау қаласындағы колледж студенттері арасындағы «Алға қадам» акциясы

2018 жылдың 14-16 ақпан аралығында Атырау облысы ЖИТС қарсы күрес және алдын алу орталығымен Атырау облыстық және қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Алға қадам» тақырыбында  «Болашақ» көпсалалы колледж және Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледж студенттері арасында акция өткізді. Шара АИТВ инфекциясының алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Облыстық ЖИТС орталығының педагогы…

Атырау облысының бизнес құрылымдарында ДЭФ «АИТВ-ның бизнеске ықпалы» Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ақпанның 8-14  аралығында «Береке Сауда»,«Centrasia Trade», «Жантас Трейд», «PTS», «АтырауБетон Снаб»  ЖШС-де  дәрістер өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу  бөлімінің  мамандары,  қызметкерлерді АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық  ахуалы туралы және бизнес құрылымдарында наурыз айында «АИТВ инфекциясының бизнеске әсері» тақырыбында сауалнама жүргізілетіндігі туралы ақпаратпен таныстырды.  

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey