Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласындағы пресс-конференция

8 қарашада облыстық  салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ғимаратында ЖИТС-пен күресудің Бүкіләлемдік кампаниясы аясында  пресс-конференция өтті. Оған облыстық ЖИТС орталығы, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, облыстық жастар саясаты басқармасы, облыстық білім басқармасы, наркологиялық диспансер, тері-венерология диспансері,  облыстық қан орталығы, №2 облыстық аурухана, БМСК мекемелері  қатысты. Тілшілерге кампания мақсаты, оның барысы, өткізілген шаралар туралы баяндалды.

Атырау қаласындағы ашық есік күндері

Желтоқсанның сегізінде және он бірінде Атырау қаласының №1  қалалық емханасында, медициналық колледжде және облыстық балалар стоматологиялық емханасында  Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес кампаниясы  шеңберінде Ашық есік күндері өтті.шараларға облыстық ЖИТС орталыңы мамандары қатысты. «Денсаулыққа құқық» ұраны жазылған плакаттар мен тақталар, ақпараттық-ағарту құралдары, бейнематериалдар таратылды. Тілек білдірген студенттер мен медицина ұйымдарына келушілер  АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті.  

Атыраудағы  емханалардағы  шаралар  

  2017 жылдың  Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында №1,4,  Геолог  емханаларында халық арасында  кездесу, 7 қалалық емханасында дөңгелек үстел өткізілді. Акция барысында  емханаға келушілерге, медицина қызметкерлеріне  Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай акция жөнінде, АИТВ –ның жұғу және аурудан сақтану  жолдары,  Атырау облысындағы  эпидемиологиялық ахуал жөнінде дәрігер- эпидемиолог Ерғалиева Э.Ж. мәлімдеме берді. Тыңдаушылар  сұрақтарына…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы. «Хабар – 24» телеканалымен сұхбат

29 қарашада Атырау облыстық ЖИТС орталығына «Хабар – 24» телеканалының тілшісі  түсіру тобымен бірге шақырылды. Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Г.Умарова  эпидахуал және Бүкіләлемдік кампания кезінде жүзеге асырылып жатырған шаралар туралы  сұхбат берді. Сонымен қатар тілші 10 жыл АИТВ-мен өмір сүріп отырған адаммен  әңгімелесті. Ол өз өмірі,  денсаулық жағдайы, айналасындағылардың  көзқарасы, стигма туралы пікірімен бөлісті.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы мамандарының КҚК студенттерімен кездесуі

Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы шеңберінде 29 қарашада Каспий өңірлік қазіргі заманғы  колледжі  студенттерінің  Атырау облыстық ЖИТС орталығы мамандарымен кездесуі өтті. Суденттер өздері дайындаған сурет, реферат, бейнетаспа, өлең сияқты  шығармашылық жұмыстарын көрермендер назарына ұсынды. Дәрігерлер жастарға АИТВ/ЖИТС індеті, оның алдын алу шаралары, стигма мен дискриминация туралы айтып берді.  

Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күресу күніне орай «Қазақстан-Атырау» радиоарнасына сұхбат берілді

2017 жылдың 28 қарашасында  облыстық ЖИТС орталығының дәрігері Ұ.Мұханғалиева және эпидемиолог көмекшісі  Ж.Иманғалиева  «Қазақстан-Атырау» радиоарнасында  сұхбат берді.  Сұхбат барысында  Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күресу күніне орай  ұйымдастырылған шаралар және Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал көрсеткіштері  жөнінде сөз қозғалды. Бұдан басқа қала  халқы көп жиналатын «Дина», «Көктем», «Тамаша», «Насиха» секілді ірі сауда орталықтары да радиолекциялармен қамтылды.  

ЖИТС орталығының кең көлемді  акциялары

2017 жылдың  24 және 27 қарашада   Бүкіләлемдік ЖИТС ке қарсы  күрес   күніне орай Н.Жантурин атындағы мәдениет сарайы мен «КТЖ Жүк тасымалы» АҚ «ГП Атырау бөлімшесі»-де  халық пен жастар арасында кең көлемді екі  акция өткізілді. ЖИТС орталығының мамандары  ұйымдастырып сөз сөйледі. Шараның мақсаты-  АИТВ проблемасы тек медициналық емес, сонымен қатар әлеуметтік  мәселе екендігін, АИТВ мен  өмір…

ЖИТС орталығында  ашық есік күні

Атырау облыстық  ЖИТС орталығында 23 қараша күні  Дүниежүзілік  ЖИТС ке  қарсы күрес күні аясында  «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Орталыққа тілек білдірген 23 адам келіп АИТВ-ға тексерістен өтіп, психоәлеуметтік кеңес алды. АИТВ дан алдын алу  мақсатында бейнефильмдер  жүргізіліп, қатысушыларға буклеттер  таратылды.

ЖИТС орталығында  семинар-тренинг

2017 жылдың 21 қарашасында Атырау  облыстық  ЖИТС орталығы Дүниежүзілік ЖИТС –ке қарсы  күрес күні қарсаңында  халықтың осал топтарының (ХОТ)  аутрич қызметкерлері арасында  семинар –тренинг ұйымдастырды. Мақсаты –халықтың осал топтары арасында  қауіптілікті төмендету үшін  аутрич қызметкерлерді оқыту. Семинар барысында  алдын алу бөлімінің  меңгерушісі  М.Испергенова  көрнекі құралдардың көмегімен облыстың эпидемиологиялық ахуалы,  АИТВ/ЖИТС тен алдын алу, берілу жолдары, …

Атыраудағы  донорлармен  кездесу

2017 жылдың  24 қарашада  облыстық қан орталығында  ЖИТС орталығы мамандарының ұйымдастыруыменен Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында донорлармен  медицина қызметкерлері арасында кездесу өткізілді. Акция барысында    Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай акция, эпидемиологиялық ахуал, АИТВ –ның жұғу және аурудан сақтану  жолдары  жөнінде мәлімдеме айтылды. Тыңдаушылар  берілген сұрақтарына нақты жауап алды. Қатысушыларға оқу- ағарту құралдары таратылды.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey