Атырау облыстық АИТВ  орталығы

ЖИТС  орталығы «Денсаулыққа  құқық» тақырыбында лекция  жүргізді

2017жылдың 15 қарашасында облыстық ЖИТС орталығының   мамандары ҰҚК, «Атырау  Су Арнасы» АҚ, «АйсТрансХолдинг» ЖШС ұйымдарында «Денсаулыққа  құқық» тақырыбында халыққа  лекция  жүргізді. Лекция барысында АИТВ-ның  облыстағы эпидемиологиялық ахуалы, алдын алу шаралары, соның ішінде  жыныстық қатынас арқылы  жұғудың  жоғарылауына тоқталып, қоғамда бірлесіп салауатты өмір салтын сақтай отырып жұқпаны  тоқтатуға  болатындығы айтылды. ҚР азаматтарына АИТВ жұқпасына тегін тексерілу…

Облыстық ЖИТС орталығында  семинар ұйымдастырылды

Сегізінші  қарашада медицина қызметкерлеріне ЖИТС  орталығының  мамандары семинар ұйымдастырды.  Семинарды  директордың орынбасары  Л.Ақбанова ашты. Семинардың мақсаты: тәртіптік  мекемелердегі  АИТВ /ЖИТС тің  алдын алу шаралары. Орталықтың мамандары  ҚР мен облыстағы  АИТВ/ЖИТС тің эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ жұқпасына  эпидемиологиялық және  клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру,  апаттық жағдайлар туындағанда жүргізілетін шаралар,  Бүкіләлемдік ЖИТС ке қарсы  күрес   күні  2017 жылғы кампаниясының…

Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен  (ЖИТС) күресудің Бүкіләлемдік күнінің 2017 жылғы тақырыбы – “Денсаулыққа құқық”  

Жыл сайын  1 желтоқсанда  жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (ЖИТС) күрес күні  дүние жүзінде аталып өтеді. Осыған орай  Атырау облысы  әкімінің  орынбасары  Ә.Нәутиевпен бекітілген жоспарға және   облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2017 жылғы 7 қарашадағы  №734 бұйрығына сәйкес облыс көлемінде 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында  Кампания жарияланды. Айлық шеңберінде денсаулық сақтау, білім, жастар саясаты, мәдениет, спорт…

Атырау  қ.  «Н=Н» кампаниясы өткізілді     

        25 қазанда  Атырау облыстық  ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары  Л.Акбанова  медицина қызметкерлеріне  2017 жылдың  16- шы қазаны мен 1-ші желтоқсаны аралығында «Н=Н» яғни «Анықталмайтын демек таралмайды» кампаниясының   өткізіліп  жатырғаны   туралы  түсіндірді. Кампанияның негізгі идеясы: АРВ  терапияны  қолданатын АИТВ мен өмір  сүруші адамдардан   вирус  басқа адамдарға  жұқпайды. АРВ  терапияны  қолданатын адамдар  сапалы өмір …

Атырау қ.  кардиологиялық  орталықтағы семинар

22 қазанда  облыстық кардиологиялық орталықта әдістемелік көмек көрсету мақсатында медицина қызметкерлеріне  семинар өткізілді. Семинарды Атырау облыстық  ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Г.Умарова мен дәрігер эпидемиолог М.Ермашева жүргізді. Тренерлер байланыстан кейінгі алдын алу, апаттық жағдайлар кезінде  алгоритмі қолдану,  барлық қауіпсіздік іс-шараларын сақтау туралы айтылды. Шара барысында диагноздарды кодтау,  тесті жүргізу және алдағы уақыттағы жұмыс әдістері талқыланды….

Атырау облысында СӨСҚ орталығымен бірлескен мәжіліс

2017 жылдың 18 қазанында ЖИТС орталығы мен СӨСҚО мамандары халықпен жастар арасында алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында бірлескен мәжіліс өткізді. Шараның мақсаты – облыста АИТВ-ның алдын алу, 90-90-90 стратегиясына қол жеткізу, кампания уақытында бірлесіп халыққа ақпараттандыруды жүргізу, АИТВ мен өмір сүрушілерді қолдап, стигма мен дискриминацияға жол бермеу. Мәжіліс  барысында ЖИТС орталығының мамандары халықтың соның ішінде…

Атырау қаласындағы техникалық гимназия оқушыларымен кездесу

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда   2017 жылдың 19-шы қазанда «Өмір тұзағы-ЖИТС» тақырыбында   ЖИТС орталығы  маманымен кездесу өткізілді. Барлығы 80 оқушы қатысты. Кездесу барысында  Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова   АИТВ жұқпасы Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары, салауатты өмір салты, сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен кемсітушілікке қатысты сұрақтарға тоқталды. Оқушыларға…

Атырау қаласындағы колледж студенттерімен кездесу

Атырау  индустиалды колледжі  және Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі  студенттерімен   2017 жылдың 13-ші қазанда «Салауатты ұрпақтың психикалық денсаулығы» тақырыбында   ЖИТС орталығы мен нарко қызметінің мамандарымен кездесу өткізілді. Шараның мақсаты: АИТВ берілу жолдары туралы мағлұмат беру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар жастар арасында  психоактивті заттарды қолданудың алдын алу. Шара барысында  Атырау облыстық ЖИТС…

Атырау қаласы кәсіпорын басшыларына өткізілген семинар

Атырау облыстық  кәсіпкерлер палатасында ЖИТС  орталығының мамандары   11  қазанда ірі және орта  бизнес құрылым  басшыларына «АИТВ/ЖИТС пен туберкулездің бизнеске әсері»  тақырыптарында  семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты-  Қазақстан Республикасында елдің инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілік рейтингісін арттыру қажеттігі туралы түсіндіру. ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің  меңгерушісі М.Испергенова мен  дәрігер эпидемиолог Р.Муканова басшыларға  Қазақстан Республикасы мен облыстағы АИТВ/ЖИТС-тің…

«Қазақстан – Атырау» радиосында МӘСҚ туралы сұхбат

2017 жылдың  оныншы қазанында «Қазақстан-Атырау»  радиосынан облыстық ЖИТС орталығының дәрігері Р.Муканова МӘСҚ туралы айтты. Сұхбат барысында ЖИТС орталығының дәрігерлері мен орта буын қызметкерлері арасында  мобилдік топ құрылып, МӘСҚ туралы оқытылып, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде екендігіне тоқталды. МӘСҚ кезінде барлық Қазақстан азаматына  базалық пакеттің  қолжетімді болуын  мемлекет өзінің міндетіне алған. АИТВ мен өмір сүретін…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey