Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау облысының Жастар денсаулық орталықтары мамандарына арналған семинар өтті

2024  жылдың  28 мамырында  Атырау   облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында «Жастар арасында  АИТВ-инфекциясының  алдын алу»  тақырыбында  БМСК  ұйымдарының    жастар денсаулық орталығының  мамандарына  арналған  семинар  өтті. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Жастар ресурс орталығының маманы шақырылды. Іс-шараны АИТВ орталығы  директорының м.а. Л.З.Акбанова  ашып, АИТВ инфекциясының  жастар арасында   таралуын талдай келе,  бірлескен  алдын алу жұмыстарын   жүргізу…

Отбасы күніне арналған дөңгелек үстел

Атырау энергетика құрылыс колледжінде 15 мамыр Отбасы күніне орай колледж психологы Нұртазаева Қ.Ж., әлеуметтік педагог Нигметова Э.К және де колледж медбикесі Есенгалиева Б. ұйымдастыруымен “Тәрбиенің ең тамаша ортасы – Отбасы” тақырыбында 1 курс студенттерімен тренинг, дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге арнайы қонақ АИТВ бөлімінің маманы Мереке Өтегенқызы қатысты.

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні

Мамырдың үшінші жексенбісі Жұқтырылған иммун ташылығы сидромынан (ЖИТС/ СПИД) көз жұмғандарды еске алу күні. Дүние жүзінде 41-ші рет атап өтілетін бұл күн биыл 19-мамырға сәйкес келіп тұр. Бұл жолы “Бірге есте сақтаймыз, біз бірге махаббат пен ынтымақтастық арқылы емдейміз!” тақырыбында ұйымдастырылған халықаралық еске алу күнінің басты мақсаты – қоғамның назарын АИТВ инфекциясының таралу мәселесіне аудару,…

Құттықтау

7 мамыр  Отан қорғаушылар  күні қарсаңында орталықтың  директоры м.а.  Л.З.Акбанова  мекемедегі  азаматтарды  мерекемен  құттықтап, отбастарына  амандық, еңбектеріне табыс тіледі.

№75 тергеу изоляторындағы жеке құрам арасындағы семинар

2024  жылдың 25 сәуірінде   Атырау  қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің№75 тергеу изоляторындағыжеке құрамы арасында «Пенитенциарлық  мекемелерде АИТВ-инфекциясынан  алдын алу» тақырыбында  семинар өткізілді. Семинар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологы  Р.Муканова   мен Ж.Тулемисова  АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, алдын алу шараларын, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигма мен кемсітушілік пен күрес мәселелері бойынша  түсіндірді.Шара соңында …

Атырау қаласы №15 ҚАЖД мекемесінің сотталғандар құрамы арасындағы семинар

2024  жылдың 25 сәуірінде   Атырау  қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №15 мекемесінде сотталғандар құрамы арасында «АИТВ-инфекцияны пенитенциарлық системасында алдын алу» тақырыбына  семинар өткізілді. Семинар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологтары Муканова  Р.Т.  мен  Тулемисова  Ж.Б. АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, алдын алу шараларының маңызын, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигмамен кемсітушілікпен күрес мәселелері бойынша…

Облыстық перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлеріне арналған семинар

Атырау облыстық АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Серікбаева мен емдеу бөлімінің меңгерушісі А.Қарабекова Атырау облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлеріне  медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ҚР ДСМ құжаттарымен таныстырып, жұмысты ұйымдастыру үшін семинар өткізді. Қатысушыларға АИТВ-ға жедел тестілеу, психоәлеуметтік кеңес беру, қанды алу, сақтау және тасымалдау ережелері, АИТВ-мен байланысты авариялық жағдай болған кезде медицина қызметкерлерінің…

Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясындағы семинар

Атырау облыстық АИТВ орталығының алдын алу  орталығының бөлім меңгерушісі А.Серікбаева қаладағы жедел жәрдем станциясының дәрігерлері мен орта буын қызметкерлеріне жоспарлы әдістемелік көмек көрсетті. Кездесу барысында облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ инфекциясына тексерілетін нормативтік құжаттармен, төтенше жағдай туындаған кезде медицина қызметкерінің тактикасы мәселелерін көтерді. Шара барысында сұрақтар қойылып оған жауаптар берілді. Қатысушылар саны- 41 адам.

№1 Атырау қалалық емханаға әдістемелік көмек көрсетілді

2024 жылдың  16 сәуірінде  облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологтары Р.Муканова мен Д.Жарилгасова №1 Атырау  қалалық емханасының мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында «АИТВ инфекциясының алдын-алу шаралары»  тақырыбында  оқыту семинарын  өткізді. Шарада АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, медициналық ұйымдардағы АИТВ-ның алдын алу бойынша   клиникалық көрсеткіштері бойынша халықты тестілеуден өткізу және апаттық жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі,…

Атырау облыстық АИТВ орталығының директоры Қуаныш Құлбайұлы!

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 65 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Өзіңіз еңбегіңізді арнаған медицина  саланын дамытуға сіңірген белсенді қызметіңізбен, жастарға ұлағатты ұстаз,  өнегесіз. Әріптестеріңіз өзіңізді іскер басшы, шебер ұйымдастырушы  азамат ретінде  танып, құрметтейді. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey