Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Қызметкерлерге дәріс оқытылды

ЖШС “Бертлинг Казах Лоджистикс” қызметкерлеріне АИТВ тақырыбында орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Иманғалиева Жұпар дәріс оқып, ақпараттық парақшалар таратылды.

Білім ордаларында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

20-24 қаңтар аралығында орталығымыздың маманы Мереке Баймуханова Атырау қаласының бірқатар мектептерінде АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша білімдерін арттыру және денсаулықты, оның ішінде қауіпсіз және жауапты мінез-құлықты сақтауға мотивацияны дамыту мақсатында шаралар ұйымдастырды. Шара барысында жоғары сынып оқушыларының қойған барлық сұрақтарына жауап беріліп, АИТВ жұқтыру жолдары туралы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық-ағарту парақшалары таратылды.

Ұжым атынан құттықтау

АИТВ ұжымы Лаборатория бөлімінің меңгерушісі Күляш Вахитовнаны туған күнімен шын жүректен құттықтайды. Оның еңбекқорлығы, кәсіби біліктілігі мен ұжым алдындағы адалдығы әрдайым жоғары бағаланады. Күляш Вахитовна өзінің қажырлы еңбегімен көптеген әріптестеріне үлгі болып, ұжымдағы ынтымақтастық пен түсіністікті нығайтуда зор рөл атқарып келеді. Атырау облысы медицина саласының “Сенім” кәсіподақ ұйымының директоры Майра Тұрланқызы да өз атынан жылы…

АИТВ-ның алдын алу жөніндегі 2024 жылға есеп берілді

АИТВ-ның алдын алу жөніндегі өңірлік орталықтардың есептері Онлайн форматта екі күндік белсенді жұмыс жүргізілді. 21 және 22 қаңтарда ҚДИАҒО қалалық және облыстық АИТВ-ның алдын алу орталықтары басшыларының 2024 жылғы есептерін тыңдады. Есептерде жұмыстың негізгі көрсеткіштері, жетістіктері және проблемаларды шешу жолдары қамтылды. Басшылар АИТВ – ның эпидемиялық жағдайы, оның ішінде аурудың таралу деңгейі, динамикалық бақылау, АРВ-терапиямен…

АИТВ-ның таралуына қарсы күрес: Қызметкерлермен ақпараттық кездесу

ЖШС «Альфа центр» және ЖК «Габдуллина» басшылары мен қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында АИТВ мәселесіне ерекше назар аударылып, орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Иманғалиева Жұпар дәріс оқыды. Дәріс кезінде АИТВ туралы негізгі түсініктерді, оның жұғу жолдарын, алдын алу шараларын және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, АИТВ-ның қазіргі жағдайы мен…

АИТВ: мектеп оқушыларына дәріс

№ 3 “Білім Инновация” қыздарға арналған лицей-интернатында жоғарғы сынып оқушыларына АИТВ тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Имангалиева Жупар жүргізді. Іс-шараға 70 оқушы қатысты. Дәріс барысында АИТВ вирусының берілу жолдары, алдын алу шаралары және қаупі туралы мәліметтер берілді. Оқушылар дәріс соңында сұрақтар қойып, қызықты сұхбаттар жүргізді. Бұл шараның мақсаты –…

АИТВ: Жас мамандарға арналған ақпарат және профилактика

ЖК “Start” және “Sani” жас қызметкерлеріне арналған АИТВ тақырыбында дәріс пен пікірталас ұйымдастырылды. Бұл шара Орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Жұпар Иманғалиеваның бастамасымен өтті. Дәріс барысында қызметкерлерге АИТВ туралы маңызды ақпараттар беріліп, сұрақ-жауап сессиясы арқылы тақырыпты тереңірек түсіну мүмкіндігі жасалды. Жас мамандардың белсенді қатысуы мен сұрақтары пікірталасты қызықты әрі мазмұнды етті.

Жастар арасында АИТВ алдын алу және нашақорлықты болдырмау бойынша дәріс

АИТВ орталығының маманы Баймуханова Мереке Утегенқызы және Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологі Каюпов Самғат Кенжеғалиев бірлесіп, “АИТВ алдын алу” және “Нашақорлықты болдырмау” тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс жалпы білім беретін Бесікті орта мектеп-интернатында 8, 9, 10 сынып оқушыларымен өтті, қатысушы саны – 56 оқушы. Сонымен қатар, Талғайран негізгі мектептің 8 және 9 сынып оқушылары да…

АИТВ инфекциясының алдын алу және қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

16 қаңтар күні орталықтың алдын алу бөлімі бойынша эпидемиолог дәрігер көмекшісі Жұпар Иманғалиева ЖШС “Рембыттехника” және ЖШС “X72020” қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Жұпар Иманғалиева АИТВ инфекциясының алдын алу, оның таралу жолдары, сақтану әдістері және ерте анықтау маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді. Қызметкерлерге АИТВ туралы дұрыс мәлімет беру, оны қоғамдағы алаңдаушылық туғызып отырған мәселе ретінде…

2025-2027 жылдарға арналған ұжымдық шартты қызметкерлерге таныстырып, бекіту мақсатында жиналыс өтті

2025-2027 жылдарға арналған ұжымдық шартты қызметкерлерге таныстырып, бекіту мақсатында жиналыс өтті. Таныстыруды Сенім кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәрсенғалиев Дәркенбай Ерсайынұлы жүргізді. Жиналыс барысында ол ұжымдық шарттың кейбір тармақтарындағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey