Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Жаңа оқу жылымен құттықтау!

20 тамыз 2019 жылы Атырау облысы ЖИТС орталығында жаңа оқу жылының басталуына орай, медицина қызметкерлер балаларына кәсіподақ ұйымы атынан мектепке арналған құрал жабдықтар сыйға тартылды. Сонымен қоса,Атырау облысы ЖИТС орталығының басшысы Айтмухамбетов Н.А қызметкерлерге құттықтау тілегін айтып,жылы лебізін білдірді.

Аутрич-қызметкерлерімен кездесу

Атырау облысы ЖИТС орталығында 20 тамыз 2019жылы аутрич-қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуде мамандар аутрич-қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының жұғу жолдары,қорғану ережелері және аурудың алдын алу жолдарын айтып өтті. Сонымен қоса, алдын алу бөлімінің басшысы Ережепов Б.Е., дәрігер эпидемиолог Абылғазиева А.Ж. , медбике Жандалиева А.Ғ. аутрич-қызметкерлерінің алдағы уақыттағы жұмыстарын түсіндіріп өтті.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы түсіндіру жұмысы

20 тамыз 2019 жылы Атырау облысы ЖИТС орталығының мәжіліс залында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру»коммерциялық емес акционерлік қоғам қызметкері Аронов Сағынбек ЖИТС орталығының қызметкерлеріне семинар өткізді.Семинарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатындығы және оның негізгі ерекшеліктері туралы айтылды. Семинарға қатысушылар өз сұрақтарын қойып,маманнан толыққанды жауап алды.

«АИТВ ны перинаталды жұқтырудың алдын алу» тақырыбына семинар

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының «АИТВ –ны перинаталды жұқтырудың алдын алу » тақырыбына семинар өткізу туралы 31 шілдедегі 2019 жылғы №504 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында 14 тамыз күні медициналық және босандыру ұйымдарының акушер-гинеколог дәрігерлеріне арналған семинар өткізілді.Семинарға барлығы 21 медициналық қызметкерлер қатысты.Семинар емдеу алдын-алу ұйымдарында АИТВ жұқпасының алдын алу…

Қызылқоға ауданының медицина қызметкерлері арасында семинар өтті

29-31 шілде аралығында Ережепов Б.Е. алдын алу бөлімінің меңгерушісі, диспансер бөлімінің инфекционист дәрігері Қарабекова А.М, дәрігер эпидемиолог Қазиханов Е.О. Қызылқоға аудандық орталық аурухананың медициналық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетті. Соңында «Медициналық ұйымдарда АИТВ –ның алдын алу» тақырыбына семинар өткізді. Семинар мақсаты: Постбайланысты профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру, медициналық қызметкерлерді АИТВ-дан анадан балаға берілу мәселесі, халықты клиникалық және…

Атырау қ. бизнес құрылымындағы кездесу

Шілде айында «АMS»,«АПГ»,«Анна Сервисез эскизи», «Жигер мунай сервис»,«СТК-коммерц» ЖШС-да АИТВ-ны алдын алуға байланысты семинарлар өткізілді. Тренерлер АИТВ және ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары және алдын алу шараларын таныстырды. Кездесуде қызметкерлердің сұрақтарына нақты жауаптар берілді. 60 қатысушыға ақпараттық құралдар таратылды.

Атырау қ. аутрич-қызметкерлермен кездесу

Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары инемен есірткі қолданатын адамдармен жұмыс атқаратын аутрич-қызметкерлермен кездесу ұйымдастырды. Алдын-алу бағдарламасының тиімділігін көтеру мақсатындағы ұсыныстар, мәселелер және аутрич-қызметкерлердің жұмыс әдістері талқыланды. Дәрігер нарколог Саткаева Г.К. және медбике Жандалиева А. сенім бекетінің қызметкерлеріне арналған жаңа міндеттер жүктеді.

Жылыой ауданының медицина қызметкерлері арасында семинар өтті

24-шілде күні Ережепов Б.Е. алдын алу бөлімінің меңгерушісі, диспансер бөлімінің инфекционист дәрігері Қарабекова А.М, дәрігер эпидемиолог Қазиханов Е.О. және сапа жөніндегі менеджер Кертаева М.М. Жылыой аудандық орталық аурухананың медициналық қызметкерлер арасында «Медициналық ұйымдарда АИТВ –ның алдын алу» тақырыбына семинар өткізді. Семинар мақсаты: Постбайланысты профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру, медициналық қызметкерлерді АИТВ-дан анадан балаға берілу мәселесі, халықты…

АИТВ –инфекциясын алдын алуға бағытталған дәрістер

«Заман Энерго», «Анако», «Светланд Ойл», «КазНИГРИ», «Туран-Капитал» ЖШС қызметкерлерінің арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары  Р.Муканова мен М.Баймуханова қатысушыларға АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, жұмыс орындарында инфекцияның алдын алу шаралары туралы айтты, сонымен қатар оқу –ақпараттық материалдар таратылып, қызықтырған сұрақтарға толықтай жауап берілді.  

Кітапханада дөңгелек үстел өтті

26 маусымда Сланов атындағы облыстық  ғылыми  әмбебап кітапханасының  ұжымы «Жастар нашақорлық пен  АИТВ дан аулақ болыңыз» атты тақырыптадөңгелек үстел  ұйымдастырып, облыстық ЖИТС  орталығының алдын алу  бөлімінің  мамандары қатысты. Шараны кітапхананың  салалық бөлімнің  меңгерушісі  Б.Ергалиева  ашып, облыстық ЖИТС  орталығының алдын алу  бөлімінің  мамандары Р.Муканова  мен  М.Баймухановаоблыстағы  АИТВ нің   эпидемиологиялық жағдайы, берілу  жолдары және  алдын алу  шараларымен …

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey