Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласы №15 ҚАЖД мекемесінің сотталғандар құрамы арасындағы семинар

2024  жылдың 25 сәуірінде   Атырау  қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №15 мекемесінде сотталғандар құрамы арасында «АИТВ-инфекцияны пенитенциарлық системасында алдын алу» тақырыбына  семинар өткізілді. Семинар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологтары Муканова  Р.Т.  мен  Тулемисова  Ж.Б. АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, алдын алу шараларының маңызын, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигмамен кемсітушілікпен күрес мәселелері бойынша…

Облыстық перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлеріне арналған семинар

Атырау облыстық АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Серікбаева мен емдеу бөлімінің меңгерушісі А.Қарабекова Атырау облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлеріне  медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ҚР ДСМ құжаттарымен таныстырып, жұмысты ұйымдастыру үшін семинар өткізді. Қатысушыларға АИТВ-ға жедел тестілеу, психоәлеуметтік кеңес беру, қанды алу, сақтау және тасымалдау ережелері, АИТВ-мен байланысты авариялық жағдай болған кезде медицина қызметкерлерінің…

Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясындағы семинар

Атырау облыстық АИТВ орталығының алдын алу  орталығының бөлім меңгерушісі А.Серікбаева қаладағы жедел жәрдем станциясының дәрігерлері мен орта буын қызметкерлеріне жоспарлы әдістемелік көмек көрсетті. Кездесу барысында облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ инфекциясына тексерілетін нормативтік құжаттармен, төтенше жағдай туындаған кезде медицина қызметкерінің тактикасы мәселелерін көтерді. Шара барысында сұрақтар қойылып оған жауаптар берілді. Қатысушылар саны- 41 адам.

№1 Атырау қалалық емханаға әдістемелік көмек көрсетілді

2024 жылдың  16 сәуірінде  облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологтары Р.Муканова мен Д.Жарилгасова №1 Атырау  қалалық емханасының мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында «АИТВ инфекциясының алдын-алу шаралары»  тақырыбында  оқыту семинарын  өткізді. Шарада АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, медициналық ұйымдардағы АИТВ-ның алдын алу бойынша   клиникалық көрсеткіштері бойынша халықты тестілеуден өткізу және апаттық жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі,…

Атырау облыстық АИТВ орталығының директоры Қуаныш Құлбайұлы!

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 65 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Өзіңіз еңбегіңізді арнаған медицина  саланын дамытуға сіңірген белсенді қызметіңізбен, жастарға ұлағатты ұстаз,  өнегесіз. Әріптестеріңіз өзіңізді іскер басшы, шебер ұйымдастырушы  азамат ретінде  танып, құрметтейді. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

«Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының комплаенс қызметімен орталықтың қаржы ресурстарына, мемлекеттік сатып алулар, персоналды басқару, материалдық-техникалық және өзге де салаларына жауапты мамандардың қатысуымен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мектеп оқушыларына АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс

Наурыз  айында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы М.Баймуханова №12, №13,№21мектеп оқушыларына дәріс оқыды. Іс-шараның мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясы, вирустың таралу жолдары, сақтану шаралары туралы ақпарат берді. Спикер АИТВ-ның  алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау туралы айтылды. Шара барысында бейнежазбалар мен слайттар көрсетілді. Іс-шара соңында оқушылар өздерін сұрақтарын…

Облыстық қан орталығы медициналық қызметкерлеріне семинар

Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері Г.Умарова мен Т.Шаменов облыстық қан орталығы медициналық қызметкерлері арасында семинар өткізді.Кездесуде 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығына сәйкес,АИТВ инфекциясының бар-жоғына эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша донорлардытексеру,АИТВ-инфекциясына қатысты стигма мен дискриминация,апаттық жағдай туындаған кезде медицина қызметкерінің тактикасы мәселелерін түсіндірді.

Құттықтау!

Әріптесіміз Айгүл Мекесқызы сізді бүгінгі есте қаларлық ереулі мерекеңізбен – өте әдемі әрі мәнді 55 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.

Мерекелік шара

Облыстық  АИТВ- инфекциясының алдын алу орталығының  ер азаматтары    ұжымдағы  әйелдер  қауымын  8 наурыз Халықаралық  әйелдер мерекесімен  құттықтап,  шаралар ұйымдастырды.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey