Атырау облыстық АИТВ  орталығы

АИТВ дан алдын – алу туралы

Облыстық  АИТВ – инфекциясының  алдын алу орталығының  маманы  Жұпар Иманғалиева  АҚ «NITEC», «Ярмарка»ЖШС қызметкерлеріне     дәрістер оқыды. Іс-шараның мақсаты-халықты АИТВ-инфекциясы және оның берілу жолдары, сақтық шаралары туралы хабардар ету. Спикер  тыңдаушыларға  Атырау  облысы бойынша АИТВ-инфекциясымен, эпидемиологиялық жағдаймен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты, стигма және кемсітушілікке жол бермеу туралы және авариялық жағдайлар кезінде АИТВ-инфекциясының қатынастан кейінгі профилактикасы…

Жағалау күзетінің қызметкерлеріне АИТВ туралы дәріс

Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің мамандары Р.Муканова, М.Баймуханова және медбике  А.Жандалиева  «ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жағалау күзетінің үшінші девизионы» қызметкерлеріне  дәріс  өткізді. Мақсат: әскери қызметкерлердің арасында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру болып табылады. Шара барысында  мамандар  АИТВ инфекциясының  Атырау  облысының  эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдарын және…

АИТВ /ЖИТС туралы білуіңіз керек

2024 жылдың қаңтар айында Атырау облыстық АИТВ-инфекция орталығының маманы Ж.Имангалиева АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша «Рембыттехника», «Өнерпаз» ЖШС дәріс оқыды. Дәріс барысында тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтау, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, АИТВ/ЖИТС-ке байланысты стигма және кемсітушілікті болдырмау сұрақтарын түсіндірді.  

«АИТВ/ЖИТС-тан қорғану өз қолыңда »

Атырау  облыстық ЖИТС орталығының алдын-алу бөлімінің маманы Ж.Иманғалиева «NJ-Групп» ЖШС, «Кулманова»ЖК, бизнес құрылымдарда дәріс өткізді. Дәріс өткізудің мақсаты: АИТВ-ның шығу тарихы мен оның қауіпті факторларын, жұғу жолдарын, және АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен шеттетудің алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсетуге көңіл бөлу. Дәріс соңында маман ақпараттық құралдарды тарата отырып салауатты өмір салтын ұстану, жыныстық қатынасты…

Құттықтау

13 желтоқсанда АИТВ орталығының  директоры  Қ.Нұрмұханов орталықтың  қызметкері   Досқалиева Назгул Бисенғалиқызын  мерейлі   55  жасқа толуымен  құттықтады. Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте  табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілейміз! Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!

Қызылшаға қарсы семинар

Ағымдағы жылдың  7 желтоқсанында облыстық АИТВ –инфекциясының   алдын алу  орталығының   госпитальді эпидемиологы  Г.А.Умарова,  орталықтың  медицина қызметкерлеріне Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №7 қаулысының 01.11.2023 ж. талаптарын орындау бойынша “Санитариялық – эпидемиялогиялық және санитарлық -профилактикалық қызылшаға қарсы іс-шаралар” тақырыбында семинар өткізді. Семинарда қызылша ауруының клиникасы, оның таралу қауіптілігі, қазіргі аурушылықтың жағдайы туралы мәлімет берілді. Сондай ақ қызылша…

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңындағы кездесу

2023жылдың 30 қарашасында  облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы М.Баймуханова Атырау энергетика және құрылыс колледжінің  студенттерімен Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай  «Көшбасшылық қауымдастықтарға» тақырыбында  кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты- жастардың назарын  АИТВ мәселесіне аудару, ақпараттандыру,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру. Салауатты өмір салтын  насихаттау. АИТВ орталығының маманы Атырау  облысындағы  эпидемиологиялық жағдаймен…

Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне арналған кездесу

2023жылдың 28 қарашасында № 2 жанұялық емхана қызметкерлерімен  Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай :«Көшбасшылық-қоғамдастықтарға»  ұранымен  кездесу өтті. Шараның басты мақсаты –  қызметкерлердің назарын АИТВ мәселесіне аудару, оларды  ақпараттандыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Шара барысында  алдын алу бөлімінің маманы Баймұханова M  қызметкерлерге АИТВ-инфекциясының  Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдайы,  таралу…

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция

2023 жылдың  1 желтоқсаында  №42 Нұрлан Балғынбаев атындағы орта мектебінде: «Көшбасшылық – қауымдастықтарға»  ұранымен Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне  орай акция  өтті. Шараға Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы М.Баймуханова ,слауатты өмір  салтын  қалыптастыру орталығы мен  «ANGEL.NBA»  мекемесінің  мамандары  Л.Өтебаева , А.Қарасақ және  №42 Н. Балғынбаев атындағы орта мектебінің мұғалімдерімен оқушылары  қатысты. Кездесудің…

Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне арналған акция

2023жылдың 23 қарашасында Д. Қонаев атындағы ВINOM мектеп-лицейінде:« Көшбасшылық– қауымдастастықтарға»  ұранымен Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай  акция  өтті. Шараға Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы  М.Баймуханова, Атырау облыстық ІІБ есірткіге қарсы күрес бөлімінің аға жедел өкілі подполковник М. Жанғалиева  және слауатты өмір салтын  қалыптастыру орталығы мен  «ANGEL.NBA»  мекемесінің  мамандары  Л.Отебаева ,А.Қарасақ  қатысты….

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey