Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қ. аутрич-қызметкерлермен кездесу

Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары инемен есірткі қолданатын адамдармен жұмыс атқаратын аутрич-қызметкерлермен кездесу ұйымдастырды. Алдын-алу бағдарламасының тиімділігін көтеру мақсатындағы ұсыныстар, мәселелер және аутрич-қызметкерлердің жұмыс әдістері талқыланды. Дәрігер нарколог Саткаева Г.К. және медбике Жандалиева А. сенім бекетінің қызметкерлеріне арналған жаңа міндеттер жүктеді.

Жылыой ауданының медицина қызметкерлері арасында семинар өтті

24-шілде күні Ережепов Б.Е. алдын алу бөлімінің меңгерушісі, диспансер бөлімінің инфекционист дәрігері Қарабекова А.М, дәрігер эпидемиолог Қазиханов Е.О. және сапа жөніндегі менеджер Кертаева М.М. Жылыой аудандық орталық аурухананың медициналық қызметкерлер арасында «Медициналық ұйымдарда АИТВ –ның алдын алу» тақырыбына семинар өткізді. Семинар мақсаты: Постбайланысты профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру, медициналық қызметкерлерді АИТВ-дан анадан балаға берілу мәселесі, халықты…

АИТВ –инфекциясын алдын алуға бағытталған дәрістер

«Заман Энерго», «Анако», «Светланд Ойл», «КазНИГРИ», «Туран-Капитал» ЖШС қызметкерлерінің арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары  Р.Муканова мен М.Баймуханова қатысушыларға АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, жұмыс орындарында инфекцияның алдын алу шаралары туралы айтты, сонымен қатар оқу –ақпараттық материалдар таратылып, қызықтырған сұрақтарға толықтай жауап берілді.  

Кітапханада дөңгелек үстел өтті

26 маусымда Сланов атындағы облыстық  ғылыми  әмбебап кітапханасының  ұжымы «Жастар нашақорлық пен  АИТВ дан аулақ болыңыз» атты тақырыптадөңгелек үстел  ұйымдастырып, облыстық ЖИТС  орталығының алдын алу  бөлімінің  мамандары қатысты. Шараны кітапхананың  салалық бөлімнің  меңгерушісі  Б.Ергалиева  ашып, облыстық ЖИТС  орталығының алдын алу  бөлімінің  мамандары Р.Муканова  мен  М.Баймухановаоблыстағы  АИТВ нің   эпидемиологиялық жағдайы, берілу  жолдары және  алдын алу  шараларымен …

Медициналық қызметкерлерге өткізілген семинар

ЖИТС орталығының мамандары: дәрігер эпидемиолог Е. Қазиханов және  Г.Құрақова, №2 облыстық ауруханасының АИТВ инфекциясы бойынша АИТВ жұқпасының  алдын  алу  шараларының  орындалуына   тәжірбиелік- әдістемелік  көмек  көрсетті. Әдістемелік көмек беру барысында аурухананың  дәрігерлері мен медбике қызметкерлері арасында «АИТВ инфекциясының Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбына  семинар өткізіліп,  оқыту ақпараттық  кұралдары таратылды.

“Қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидалары” тақырыына өткізілген облыстық семинар

2019 жылы 31 мамырда Облыстық қан орталығы мен ЖИТС орталығы мамандарының бірігуімен кешенді жоспар бойынша «Қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидалары» тақырыбына семинар өтті. Семинарды орталықтың директоры Н.Ә.Айтмұхамбетов ашты. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологялық бөлімнің дәрігерлері семинарға қатысушыларды донорлар және реципиенттер арасындағы АИТВ/ЖИТС эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. Семинар барысында қойылған сұрақтарға жауап алынып, көптеген пайдалы…

АИТВ және туберкулез тақырыбына өткізілген семинар

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының «АИТВ және туберкулез тақырыбына семинар» өткізу туралы 21 мамыр 2019 жылғы №336 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында 28 мамыр күні семинар өткізілді. Семинарға Атырау облысы туберкулезге қарсы диспансердің, қалалық емхананың, аудандық аурухананың фтизиатр және инфекционист дәрігерлері қатысты. Шара барысында АИТВ және туберкулездің эпидемиологиялық ахуалы, ТБ/АИТВ…

Атырау облыстық ЖИТС орталығында баспасөз-конференциясы

30  мамырдаАтырау қаласында АИТВ инфекциясының алдын алуға арналған баспасөз-конференциясы өтті.     Баспасөз-конференциясынаБАҚ, облыстық ЖИТС орталығының, қалалық емдеу-профилактикалық мекемелерінің өкілдері қатысты.Мамандар «Qazaqstan Atyray’»,«Caspian News», «24 Хабар»телеарнасына сұхбат берді.      Баспасөз – конференциясын Облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алды алу орталығының директоры Н.Айтмұхамбетовашып,халықпен және жастармен тиімді ақпараттық жұмыстар жүргізу маңыздылығын атап өтті.Дәрігер-эпидемиолог Г.Умарова АИТВ-инфекциясын жұқтыру бойынша эпидемиологиялық…

Жылжымалы сенім бекетінің акциясы

Атырау облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні шеңберінде жылжымалы сенім бекеті көлігін іске қосып, акция ұйымдастырды. Көлік қаланың адам көп шоғырланған жерлеріне тоқтап, өз мәртебесін білгісі келетін еріктілерді күтті. Кез келген адам тегін және анонимді түрде экспресс тест жасата алды. Экспресс тест арқылы 15-20 минут ішінде нәтиже алуға болғандықтан ыңғайлы. Өз…

Атырау қаласындағы әскери бөлімшенің жас сарбаздарымен кездесу

Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған апталық шеңберінде жас сарбаздармен кездесу өткізді. Жастарды АИТВ жұқпасының алдын алу, берілу жолдары, статистикалық деректер және қоғамның АИТВ жұқтырғандарға көзқарасы туралы мәселелер қызықтырды. Әңгіме ашық және өзара түсіністікпен өрбіді. Екі тараптың да өткізілген шара деңгейіне көңілі толды.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey