Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында оқушылармен кездесу

24  қарашада Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы мен  облыстық ЖИТС орталығы мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, «Зияткер мамандандырылған мектеп лицей-интернатының»  оқушыларына  кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында  АИТВ-ның облыстағы эпидемиологиялық ахуалы, инфекцияның таралу жолдары  мен  алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге және стигмаға жол беруге болмайтындығы туралы түсіндірілді. Оқушылар тарапынан қойылған…

«Теңдік уақыты!» ұранымен Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметкерлерімен семинар

        2022 жылы 24 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған акция аясында Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті  өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметкерлеріне:  «Теңдік уақыты!»  ұранымен  семинар өткізілді.  Шара  ЖИТС орталығы және  СӨСҚО мамандарының  ұйымдастыруымен өтті. Басты мақсат: ЖИТС- тің алдын алу, салауатты  өмір  салтын қалыптастыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен халықтың осал…

Колледж студенттерімен кездесу өтті

Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А.Серікбаева Атырау қаласындағы «Аграрлы-техникалық колледжі», «Индустриалды колледжі»,«Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі», «Болашақ колледжі»  ұстаздары  мен студенттері арасында  кездесу өткізді. Шара барысында АИТВ инфекциясының таралу жолдары  мен  алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге және стигмаға жол беруге болмайтындығы туралы түсіндірілді. Студенттер сұрақтарын қойып, кездесу  өз деңгейінде…

Ірі бизнес компаниясының жұмысшыларымен кездесу

21-22 қарашада Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары А.Қ.Серікбаева мен Ж.Иманғалиева «Ембімұнайгаз», «КазтрансОйл», «Идеал Маркет» ЖШС бизнес құрылымдарының қызметкерлеріне «АИТВ-ға қазіргі уақыттағы көзқарас» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында облыстағы АИТВ- нің эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары және алдын алу шаралары, Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің маңыздылығы талқыланды. АИТВ-ның таралуын тоқтатудың негізгі мақсаттарының бірі…

Білім саласының психологтарымен кездесу

Атырау энергетика құрылыс колледжінің мәжіліс залында колледж және орта мектеп психологтарының қатысуымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Теңдік уақыты» тақырыбында семинар тренинг өтті. Кездесу барысында облыстық ЖИТС орталығы мен СӨҚО мамандары «Жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбындағы сұрақтарды талқылады. Шараға колледж және мектеп психологтары қатысып, әр мекеме уәкілінен қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді….

Атырау қ. «Теңдік уақыты!» ұранымен спорттық шара

2022 жылғы 21 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған акция аясында Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері арасында «Теңдік уақыты!» ұранымен спорттық шара өткізілді. Шараны ұйымдастыруға ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы М.Баймуханова, Атырау СӨСҚО дәрігері дәрігері Г.Тайбуриева мен А.Қарасай қатысты. Басты мақсат: ЖИТС- тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Белсенді қатысушылар жүлделі…

Атырау қаласының оқушыларымен семинар

2022 жылғы 21-22 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған акция аясында облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы М. У Баймуханова Жамбыл, Амангелді, Оңғарсынова атындағы мектептердің жоғарғы сынып оқушылары арасында” Теңдік уақыты ” тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты: оқушылардың АИТВ / ЖИТС туралы білім деңгейін және олардың денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру. Тыңдаушылардың назары облыстағы…

Халық арасындағы кең көлемді акция

2022  жылдың  21  қарашасында Бүкіләлемдік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен  ЖШС «Атырау » ойын сауық  орталығында   халық  арасында кең көлемді акция өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының  алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Абылғазиева  шараны  ашып, өз сөзінде биылғы жылы  Дүниежүзілік  Денсаулық  сақтау  ұйымының  АИТВ  “Теңдік уақыты” ұранымен  қарсы алып  отырғанына  тоқталды. Акцияның мақсаты: АИТВ-инфекциясынан алдын…

Атырау қаласының №9 орта мектепте семинар-тренинг

2022 жылғы 17 қарашада Облыстық ЖИТС орталығының профилактикалық бөлімінің қызметкері М.У. Баймұханова Атырау №9 орта мектептің  қыздарымен семинар-тренинг өтті. Кездесуге №7 қалалық емхананың  Р.Т.Кенжегарина психолог, Г.А.Тулешова акушерка қатысты. Іс-шараның мақсаты: АИТВ/ЖИТС-тің   және  жыныстық  жолмен  таралатын аурулардың алдын алу. Ерте жүктілігіне қаншалықты зиян екенін түсіндіре отырып, қыздарды дұрыс тәрбиелеу бойынша ұсыныстар беру. Іс-шара барысында АИТВ /…

Атырау қалалық №5 емханада «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар

ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У. «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу»тақырыбында  №5 қалалық емханасында медицина қызметкерлері мен тұрғындардың қатысуымен семинар өткізілді. Cеминар барысында Атырау облысының эпидемиологиялық ахуалы, жұғу жолдары, АИТВ инфекциясының алдын алу шараларына, берілуін тоқтатуға  өз статусын білудің маңыздылығы туралы түсіндірілді. Семинарға  қатысушылар саны 32. Іс-шара барысында ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, көптеген сұрақтарға жауаптар…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey