Орта буын медицина қызметкерлерін оқыту
- admin_atsc
- 03.10.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Екінші қазанда ЖИТС орталығының мәжіліс залында орталықтың орта буын медицина қызметкерлеріне «Халық арасында АИТВ-ның алдын алуды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Мақсат: АИТВ- ның алдын алуы, жұғу жолдары жөнінде халықтың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге орта буын медицина қызметкерлерін дайындау. Бизнес құрылым басшыларымен жұмыс жасай білу керектігіне және 90-90-90 стратегиясына толықтай тоқталды. Материалдар слайдтармен көрсетілді.