Атырау облыстық АИТВ  орталығы

СҚ тобының аутрич қызметкерлерімен кездесу

Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында  Орталық Азиядағы Жаһандық денсаулықты зерттеу орталығының «Өрлеу -Қазақстандағы тәуекел тобындағы әйелдерге арналған медициналық қызметтерді жақсарту» жобасы бойынша  СҚ тобының аутрич қызметкерлері  арасында  тренинг өткізді. Тренингте  аутрич қызметкерлерге  жоба шеңберінде тәуекел тобындағы әйелдерді медициналық-әлеуметтік және профилактикалық қызметтерге бекітуді арттыруға бағытталған жұмыстардың Ұлттық ашық конкурсын өткізу жоспарланып   отырғаны,  байқауға халықтың негізгі…

№1 емхананын медициналық қызметкерлеріне арналған семинар

Атырау  облыстық  ЖИТС-ң алдын-алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары  А.Абылғазиева мен Ж.Тулемисова     облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен   2023 жылға бекітілген   медициналық ұйымдарға АИТВ-инфекциясының алдын-алу мәселелері бойынша тәжірибелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету жоспарына  сәйкес,  қаладағы  №1 емхананың  медициналық қызметкерлерімен  кездесу өткізді. Кездесу  барысында  «Атырау облысы бойынша  АИТВ  инфекциясының  эпидемиологиялық жағдайы және ҚР ДСМ №211 «АИТВ…

Қалалық перзентхананың медицина қызметкерлеріне арналған семинар

Алдын алу  бөлімінің дәрігер-эпидемиологы  А.Серікбаева   қатысушыларды медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін, ҚР ДСМ құжаттарымен таныстырды.  Қатысушыларға АИТВ-ға жедел тестілеу,  психоәлеуметтік кеңес беру, қанды алу, сақтау және тасымалдау ережелері,  АИТВ-мен байланысты авариялық жағдай болған кезде медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне және  контактіден кейінгі қауіпті азайту мақсатында антиретровирустық препараттарды қабылдаудың қысқа курсымен таныстырды. Дәрігер –…

Құлсары қаласындағы «Интертич» ЖШС медициналық орталыққа әдістемелік көмек

2023  жылдың   16 наурызында  Атырау  облыстық ЖИТС орталығының  дәрігер-эпидемиологтары Р.Муканова, Д.Жарилгасова  Құлсары  қаласындағы  «Интертич» ЖШС  медициналық  орталықтың медицина қызметкерлеріне   әдістемелік көмек көрсетті. Кездесу  барысында  АИТВ жұқпасы бойынша ҚР ДСМ №211, №204, №313, №39 бұйрықтарын түсіндірді. Сонымен қатар АИТВ-инфекциясын жедел тестімен тексеру әдісін тәжірибелік  сабақ  жүзінде көрсетті . Шараға 19 адам қатысты: оның 12-сы дәрігер, 7…

Құлсары қаласындағы «Медикер Жайық» ЖШС медицина қызметкерлерімен кездесу

      2023 жылдың 15 наурызында Құлсары  қаласындағы «Медикер  Жайық» ЖШС  медицина  қызметкерлері арасында облыстық  ЖИТС  орталығының   мамандары   АИТВ – инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинарда  Қазақстан Республикасы және  Атырау  облысы бойынша АИТВ жағдайы бойынша эпидемиологиялық ахуал, апатты жағдайлардың алдын алу және олардың тактикасы, байланысқа дейінгі және кейінгі алдын- алу, антиретровирустық терапия, стигма және кемсіту, АИТВ-инфекциясы…

«Жылыой аудандық орталық ауруханасы» медицина қызметкерлері арасында АИТВ мәселелері бойынша семинар

2023  жылдың   16 наурызында  Атырау  облыстық ЖИТС орталығының  дәрігер-эпидемиологтары Р.Муканова, Д.Жарилгасова медицина  қызметкерлерінің  білімін жетілдіру мақсатында   аудандық орталық   аурухананың  медицина қызметкерлеріне  жоспарлы   әдістемелік көмек  көрсетті. Әдістемелік көмек барысында  келесі мәселелер қарастырылды: – Атырау  облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай; – клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша контингенттерді АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау, соның ішінде жүкті әйелдер және олардың жыныстық серіктестерін…

Атырау қ. балабақша қызметкерлері арасындағы дәріс.

          2023 жылдың 13-15 наурыз  аралығында Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У. «АИТВ/ЖИТС -ті білу маңызды»  тақырыбында  №6 «Гулдер», №43 «Арман» балабақша қызметкерлері  арасында дәрістер өткізді. Кездесудің басты  мақсаты – қызметкерлерді  АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру. Дәріс барсында   эпидемиологиялық ахуал, берілу және аурудың алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы,…

Орталықтың медицина қызметкерлері арасында семинар

2023 жылдың 13  наурызында Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы  20 ақпанындағы  №65 бұйрығын орындау мақсатында  орталықтың дәрігерлері мен медбикелері арасында «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында  түсіндірме жұмысын жүргізді. Жиналыс барысында, бұл аурудың шығу себептері, жұғу жолдары, аурудың алдын-алу  әдістері айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey